Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысындағы түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды енгізу әрекеті дер кезінде тоқтатылды

Қарағанды облысындағы  түзеу мекемесінде тыйым салынған заттарды енгізу әрекеті дер кезінде тоқтатылды, - дерп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Долинка кентінде орналасқан №31 мекемесінде режим бөлімі қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің кәсіби әрі үйлесімді іс-әрекеттерінің нәтижесінде тұрмыстық аймаққа тыйым салынған заттарды заңсыз алып кіру әрекетінің жолы дер кезінде кесілді.

Алдын ала алынған жедел ақпаратты іске асыру барысында тәртіп сақшылары мен тексеру тобының әскери қызметкерлері мекеменің тұрмыстық аймағына кіріп келе жатқан көлік құралын мұқият тексерді. Бақылау-өткізу пунктінде SHACMAN автокөлігін тоқтатылып, оны 43 жастағы Ақмола облысының тұрғыны азамат С. басқарған.

Көлік салонын тексеру кезінде төмендегідей тыйым салынған заттар анықталып, тәркіленді:
өзіне тән өткір иісі бар жасыл түсті екі орама (болжам бойынша – есірткі), екі дана зарядтау құрылғысы, аккумуляторы жоқ ZTE телефон.

Оқиға орнына дереу Шахтинск қалалық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылып, тәркіленген заттар сараптамаға жолданды. Зерттеу нәтижесінде жасыл орамалардағы заттың марихуана есірткі заты екені дәлелденді.

Мекеме әкімшілігі түзету мекемесі аумағына тыйым салынған заттарды енгізуге бағытталған кез келген әрекет заңбұзушылық болып саналатынын және мұндай фактілер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады. Бұл әрекеттер түзеу мекемесінің ішкі тәртібіне ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер мен сотталғандардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.

ҚАЖ жүйесінің басты міндеттерінің бірі – тыйым салынған заттардың мекеме аумағына өтуіне жол бермеу және құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу болып қала береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру