Ақмола облысының ақсақалы Президенттің алғыс хатымен марапатталды
Ақмола облысының ақсақалы Президенттің алғыс хатымен марапатталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
“Заңды сақтасаң, тәртіп болады” - соңғы үш жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген Ақмола облысы Атбасар ауданы Шуйское ауылының тұрғындары осылай дейді. Сонымен бірге құқық бұзушылықтардың тұрақты төмендеуі байқалады. Бір-біріне құрметпен қарау, бұзушылықтарға төзбеушілік ауыл тұрғындарының жайлы және қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасайды.
Ауыл ақсақалы Еркебай Байжигитов құқықтық тәртіп ісіне өз үлесін қосуда. Шуйское ауылы 70 жыл бұрын құрылған. Бүгінде бұл ауыл өңірдегі ең жылдам дамып келе жатқан елді мекендердің бірі. Ауыл шаруашылығы мен мал өсірудің дамуымен қатар, аталмыш ауыл азаматтардың құқықтық санасының жоғары деңгейімен және олардың құқық бұзушылықтың алдын алуға және қауіпсіз қоғам құруға белсенді қатысуымен ерекшеленеді. Бұл жерде жергілікті тұрғындар мен учаскелік полиция инспекторы Бағдат Утеуов арасында тығыз және тиімді өзара қарым-қатынас орнаған.
Ауылдың құрдасы болып саналатын Еркебай Мұратұлы бүкіл өмірі мен еңбек жолын дәл осы жерде өткізген: ұзақ уақыт бойы “Шуйское ХХ1” ЖШС мал өсіру бөлімшесінде еңбек еткен.
— Мен туғанымнан осы ауылда өмір сүріп келемін, және де оның тағдырына бейжай қарамаймын. Әр шаңырақта тыныштық. Мұның барлығы өзімізге байланысты. Заңға бағына өмір сүрсең, ұлтжанды болсаң, адамдардың еңбегін бағаласаң, сонда барлығы да жақсы болады, - дейді ақсақал.
Құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында Еркебай Мұратұлы Қазақстан Республикасы Президентінің алғысымен ерекшеленді.
— Елдегі Заң мен Тәртіп қарапайым нәрселерден басталады — таза және қауіпсіз көшелер мен аулалар, жергілікті билік органдарының, кәсіпкерлер мен қоғам белсенділерінің өзара ынтымақтастығы мен серіктестігі. Ақмола облысында "Зиялы қауым" жобасы жүзеге асырылып жатыр, ол учаскелік полиция қызметкерлеріне көмек үшін әкімдердің, ақсақалдар мен шаруа қожалықтарының басшыларын біріктірді. Осындай жергілікті қоғамдастықтарды және жауапты азаматтықты ұйымдастыруды көтермелеу қажет, — деп атап өтті Қасым-Жомарт Кемелұлы наградаларды табыстай отырып.