Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының полицейлері 35 заңсыз еңбек мигрантын анықтады

Ақмола облысының полицейлері 35 заңсыз еңбек мигрантын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

35 заңсыз еңбек мигранттарын полицейлер «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында анықтады. Шетелдіктер Ақмола облысының аумағына әр түрлі уақыт кезеңінде келгені анықталды.
Ақмола облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Шортанды ауданы Тонкерис ауылындағы кірпіш зауытының аумағында рейдтік іс-шараларды өткізу барысында уәкілетті органның рұқсатынсыз кірпіш зауытында еңбек қызметін жүзеге асырған 35 шетелдік азаматты анықтады.

Қазіргі уақытта аталған заң бұзушылық үшін шетел азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

Сондай-ақ заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Естеріңізге сала кетейік, 16-20 қазан аралығында өңір аумағында «Құқықтық тәртіп» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, ЖПІШ шеңберінде елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау, есепке алынатын адамдарды бақылау, қаруды заңсыз сақтайтын немесе тасымалдайтын азаматтарды тексеру жұмыстары қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру