Ақмола облысының полицейлері 40 қылмыскердің орналасқан жерін анықтады
Жыл басынан бері Ақмола полицейлері 40 қылмыскердің орналасқан жерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылдың мамыр айында Қостанай облысы ПД Қарасу ауданының полиция бөлімі мал ұрлаған бір топ адамға іздестіру жариялаған болатын. Ақкөл ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Ақкөл қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында күдіктіні қолға түсірді.
Ұсталған күдікті Ақмола облысының аумағына бірнеше күн бұрын жұмысқа келген.
Жыл басынан бері полицейлер 40 қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсыз кеткен 43 адамның орналасқан жерін анықтады.
– Біздің міндетіміз – іздеуде жүргендердің барлығын табу, ал мерзімдердің аяқталуына байланысты оларды қылмыстық жауапкершіліктен босату немесе тарту туралы шешімді сот қабылдайды, – деді тәртіп сақшылары.