Ақмола облысының полицейлері ауыл тұрғынының жоғалған 100-ден астам қойын тауып берді
Ақмола облысының полицейлері ауыл тұрғынының жоғалған 100-ден астам қойын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың 29 қаңтарында Сандықтау ауданының полиция бөліміне 51 жастағы жергілікті тұрғыннан 27 қаңтарда еркін жайылымнан жоғалып кеткен 100 бас қой іздеуге жәрдем көрсету туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Өзінің сәтсіз іздестірулерінен кейін иесі полицияға жүгінді. Хабарламаны алғаннан кейін оқиға орнына Балқаш аңшылық шаруашылығының аңшысы қосылған жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің, криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар дереу жіберілді.
Іздеу іс-шаралары барысында полицейлер куәгерлерден жауап алып, жайылымдар мен мал бағу маңдарын қарап, мал тасымалдаумен айналысатын көліктерді тексерді.
Сол күні жоғалған жерден 25 шақырым қашықтықта қойларды Хлебное ауылының маңында мобильды топ тапты. Табылған мал аудан тұрғынына аман-есен қайтарылды. Өз кезегінде ауыл тұрғыны жедел және сапалы жұмыс іздеуге қатысқандардың барлығына шын жүректен ризашылығын білдірді, соның арқасында ол қойдың бүкіл отарын сақтап қалды.