Ақмола облысының полицейлері іздеуде жүрген 3 күдіктіні ұстады
Ақмола облысының полиция қызметкерлері бір күннің ішінде іздеуде жүрген үш күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бастап Ақмола облысының тәртіп сақшылары 14-тен астам қылмыскерді іздестірді.
Полиция қызметкерлері бір күнде үш күдіктіні анықтады. Өткен жылы іздеуде жүрген 35 жастағы ер адам бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін Алматы қаласының аумағында ұсталды.
Сол қалада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыс жасағаны үшін Степногорск қалалық ПБ-ның іздеуінде жүрген 49 жастағы күдікті ұсталды.
Ұрлық бойынша тергеуден жалтарған тағы бір 28 жастағы жігітті полиция тікелей Астана қаласында ұстады.
– Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін ұсталған адамдарға келетін болсақ, оларға қатысты, әдетте, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалады. Іздестіруге олар жасалған қылмысқа қатысы анықталғанға дейін тергеуден қашып үлгерген жағдайларда ғана жарияланады, – деп айтылды криминалдық полиция басқармасы.