Ақмола облысының полицейлері панкреатитпен ауырып қалған қызды ауруханаға жеткізді
Ақмола облысының патрульдік полиция қызметкерлері панкреатитпен ауырып қалған қызды ауруханаға жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аұмола облысы ПД патрульдік полиция батальонының 1 взводының инспекторлары Дархан Әміржанов пен Алмат Нұрғалиевке түнгі ауысым кезінде Астана – Петропавл автожолындағы көліктердің бірінің жолаушысы жүгінді.
Оқиға туралы Солтүстік Қазақстан облысының Келлеровка ауылының тұрғыны Елена Гаража Ақмола облысы полиция департаменті бастығының атына жолдаған алғыс хатында баяндады.
Әйелдің айтуынша, 4 шілдеде кешкі уақытта ол қызымен бірге Көкшетау қаласындағы облыстық ауруханаға жолға шыққан. Панкреатитке шалдыққан 28 жастағы қыз өзін әр минут сайын нашар сезінген. Елена Гаража жолда патрульдік көлікті көргенде, қатты ауырғандықтан қыз есінен тана бастаған еді. Қыздың жағдайы туралы білгеннен кейін полиция оны ауруханаға өз бетінше апару туралы шешім қабылдады.
Тәртіп сақшылары қызды қызметтік автокөліктің артқы орындығына ауыстырып, маяктарды қосып, оны шұғыл түрде көпсалалы облыстық аурухананың қабылдау бөлмесіне жеткізді. Онда оған қажетті көмек көрсетілді. Қыздың денсаулығына қауіп төндірмейтініне көз жеткізген полиция қызметкерлері өз жұмысына оралды.
– Полиция қызметкерлері Дархан Әміржанов пен Алмат Нұрғалиевке көрсеткен көмегі үшін, олардың жауаптылығы, әдептілігі, жеделдігі үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Осындай полиция қызметкерлерінің арқасында кез-келген қиын жағдайда олардың көмектесетініне сенімді бола аласыз, – деп жазады Елена Гаража хатында.
Полицейлердің айтуынша, жедел шешім қабылдау қажет болған жағдайлар жиі кездеседі. Әрбір патрульдің есебінде осындай жағдайлардың он шақтысы бар. Олар бірінші болып қана қоймай, қиын кезеңде азаматтарға көмекке келетін жалғыз адам.