Ақмола облысының полицейлері пәтерден алтын бұйымдар ұрлаған күдіктіні ұстады
Ақмола облысының полицейлері пәтерден алтын бұйымдар ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 тамызда Бурабай ауданының полиция бөліміне 74 жастағы жергілікті тұрғын келіп, ұрлық фактісі туралы хабарлады. Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, 26 шілдеден 4 тамызға дейін ол үйде болмаған кезде, оған тиесілі пәтерден белгісіз адам алтын бұйымдарды, яғни сырғалар мен сақиналарды ұрлап кеткен.
Залал сомасы 300 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бір тәулік ішінде күдікті ер адамды анықтады. Ол жәбірленушінің пәтерін бірге жалдап тұрған Макинск қаласының тұрғыны болып шықты. Әйелдің үйде ұзақ уақыт болмағанын байқаған ер адам басқа біреудің мүлкін ұрлаған.
Полиция бөлімі бұл фактіні Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жеке мүлікті ұрлауға жол бермеу үшін Ақмола облысының полиция департаменті алдын ала қажетті қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.