Ақмола облысының полицейлері қар астында қалған көлікті 8 сағатта қазып алып шықты
Ақмола облысының полицейлері қар астында қалған көлікті 8 сағатта қазып алып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері 8 сағат бойы Ақмола облысында қар астында қалған көлікті қазды. Осы жылы 14 қаңтарда Екатеринбург – Алматы автожолының 170 км-де Ақмешіт кентіне жетпей, тас жолда КамАЗ (ұзынметрлі) тұрып қалды. Мұндай ақпарат Ақмола облысы АПП 3-ші взвод қызметінің аға инспекторлары полиция капитандары Бейсенбай Хамитжанов пен Ерзат Есентаевқа келіп түсті.
Аталған жерге келген полицейлер ауыр жүк көлігінің толығымен қатып қалғанын анықтады. Алдын ала мәліметтер бойынша – қозғалтқыш істен шыққан. Бұған қоса, колодкалары да қатып қалған. Тәртіп сақшылары жолда бір жолаушы машинаны тоқтатып, №12 кілтін алып, колодкаларын босатты. Содан кейін ұзақ уақыт бойы барлық күш-жігерін жұмсап, КамАЗды қар құрсауынан босатып, оны межелі жерге дейін ілесіп алып жүрді.
КамАЗ жүргізушісінің айтуынша, ол бір тәулік бойы жолда тұрып, сынған көлігімен қандай шаралар қолдану керектігін білмеген. Бірақ күрек алып, көліктің астындағы қарды тазалай бастаған батыл полицейлерді көріп, ол тәртіп сақшыларына қатты таң қалды. Жүргізуші оларға шын жүректен алғысын білдіріп, барлық жол полициясының қызметкерлері осы жігіттер сияқты атқарушы болғанын атап өтіп, оларға жақсылық тіледі.
– Боранның нағыз белсенді уақытында, сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін біз жүргізушіге көмектесу үшін осы жерде болдық. Біз сол жерге келгенде, көліктің шатырына дейін қар толып қалған. Осылайша, КамАЗ қозғалыссыз бір күн тұрған. Жүргізуші қарт ер адам болған. Әрине, біз ол жерде қатып қалдық. Барлығымыз кезек-кезек қызметтік көлікте жылынып отырдық, – дейді Бейсенбай Хамитжанов.
Полицейлердің айтуынша, Ақмола жолдарындағы қарлы боранның салдарынан автокөлік жүргізушілері түрлі проблемаларға тап болады. Сондықтан, осындай жағдайларды ескере отырып, Ақмола облысы полиция департаментінің жеке құрамы қолайсыз ауа-райының шыңында жолға шыққан және жолда қалып қойған жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсету үшін жедел жұмылдырылды.