Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының полицейлері тұрғындарды алаяқтардың құрбаны болмауға шақырады

Ақмола облысының полицейлері тұрғындарды алаяқтардың құрбаны болмауға шақырады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының полициясына күн сайын ондаған тұрғын алаяқтардың арбауына түсіп қалғаны туралы шағыммен жүгінеді. Қылмыскерлер сенгіш азаматтарды, әсіресе зейнеткерлерді алдау үшін түрлі айла-тәсілдерді үнемі жетілдіріп отырады. Кейбір адамдар тіпті ескертулерге қарамастан, алаяқтарға ақша беру үшін пәтерлерін сатып жіберуге дейін барады. Дегенмен бұл оқиға қырағылық пен парасаттылықтың алаяқтықтан қалай сақтануға көмектесетінін көрсетеді.

Қосшы қаласының тұрғыны, мамандығы бойынша педагог, WhatsApp мессенджерінен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны және полицияға шақырылғаны туралы хабарлама алды. Бейтаныс нөмірге қайта қоңырау шалмас бұрын, ол бірден Ақмола облысының полиция департаментіне хабарласып, ақпараттың рас-өтірігін нақтылауды жөн көрді.

- Мен заңға бағынатын азаматпын, мұғалім болып жұмыс істеймін. Әкем мен ағам – ішкі істер органдарында қызмет еткен. Сондықтан өзімнің қылмысқа еш қатысым жоқ екенін жақсы білемін. Бүгінде көптеген адамдар алаяқтардың алдауына түсіп жатқанын ескере отырып, полицияға хабарласып, мән-жайды анықтауды жөн көрдім, – дейді ол.

Полиция тексеру жүргізіп, бұл хабарламаның алаяқтық әрекет екенін растады. Құқық қорғаушылар мұндай жағдайлардың сирек кездесетінін, бірақ өте маңызды екенін атап өтті, өйткені бұл – азаматтардың ақпараттандырылғанын, қауіпсіздігін ойлайтынын білдіреді.

Тәртіп сақшылары қырағылық танытқан тұрғынға алғыс айтып, барша азаматтарға күмәнді қоңырау немесе хабарлама алған жағдайда, ақпаратты дереу полициядан тексеру қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру