Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының Полиция департаменті басшысы болып Таев Думан Әшкенұлы тағайындалды

Ақмола облысының Полиция департаменті басшысы болып Таев Думан Әшкенұлы тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы болып Думан Әшкенұлы Таев тағайындалды.

Жаңа бастықты жеке құрамға Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов таныстырды.

Таев Думан Әшкенұлы 1967 жылы 13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің ІІБ ППҚ жеке ротасының милиционері болып бастады. 1991-2004 жылдар аралығында Петропавл қаласы ІІБ әртүрлі жедел лауазымдарда жұмыс істеді. 2004 жылы Есіл ауданының ішкі істер бөлімін басқарды, сол жылы Петропавл қаласының ІІБ бастығы болып тағайындалды. Әр жылдары СҚО ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, Ғ.Мүсірепов ауданының ІІБ басшысы, Петропавл қаласының ІІБ бастығы, СҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.


Ақмола облысы ПД-ның жаңа бастығы бұған дейін ҚР ІІМ Криминалдық Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру