Ақмола облысының Полиция департаментінде сенім телефоны жұмыс істейді
Ақмола облысының Полиция департаментінде сенім телефоны жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тарапынан қылмыстық құқық бұзушылықтар және заңдылық пен тәртіпті өзге де бұзушылықтар туралы азаматтардың арыздарына, ұсыныстарына, шағымдарына, хабарламаларына уақтылы ден қою үшін, полицияның халықпен өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында Ақмола облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасында сенім телефоны жұмыс істейді.
– Полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне тап болған азаматтар 25-03-60 телефонына немесе 8-778-198-23-29 нөміріне WhatsАрр мессенджері арқылы жүгініп, полицияға жеткізу қажет деп саналатын ақпаратты хабарлай алады. Сенім телефонына келіп түскен барлық өтініштер арнайы журналда тіркеледі. Бұл хабарламаларды ПД басшылығы қарайды, содан кейін орындау үшін тиісті қызметтерге жолданады. Жедел ден қоюды талап ететін жағдайларда ақпарат дереу департамент басшылығына баяндалады және оны тексеру бойынша барлық шаралар қабылданады, – деп хабарлады полицияда.
Айта кетейік, жылдың басынан бастап Ақмола облысы Полиция департаментінің ӨҚБ сенім телефонына азаматтардан 55 өтініш келіп түсті.