Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының полициясында 378 жасөспірім есепте тұр

Ақмола облысының полициясында 378 жасөспірім есепте тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15-17 шілде аралығында Ақмола облысында «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның алғашқы күнінде Ақмола полицейлері түнгі уақытта көшеде заңды өкілдерінсіз жүрген 47 жасөспірімді анықтады, екі бала мас күйде болған.

ЖПІШ барысында Ақкөл ауданының кәмелетке толмағандар жөніндегі полиция тобының қызметкерлері 2015 жылы туған, кәмелетке толмаған жергілікті тұрғынды өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырды. Жасөспірімнің ата-анасына қатысты алкогольдік ішімдіктерді жүйелі түрде ішкені үшін сотқа материалдар жіберілді. 

Естеріңізге сала кетейік, ЖПІШ мақсаты – кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуына қарсы күрес, жасөспірімдер мен оларға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерлерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын сатуының жолын кесу.

Полиция қызметкерлері ІІО-да есепте тұрған кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ қоғамдық орындарды, түнгі ойын-сауық орындарын, қараусыз қалған үйлерді және жасөспірімдердің пайда болуының басқа да ықтимал орындарын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру