Ақмола облысының пробация қызметкерлері 42 жастағы әйелге өмірін жаңадан бастауға көмектесті
Ақмола облысының пробация қызметкерлері 42 жастағы әйелге өмірін жаңадан бастауға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Надежда бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуде. 42 жастағы әйел кафеде гардероб қызметкері болып жұмыс істеген, сонымен қатар үй иесіне ұсақ-түйек заттармен көмектесіп отыратын досымен, үлкен түрде отырыс жасауды ұйғарған, ал алкоголь мен жеңіл тағамдарды қарызға алған. Кешке қарай үй иесінің кетуін күтіп, керектерін жинап алып, үйінің ауласына жайғасады.
Орта шулы болғаннан, көршілер шағымданды, полиция келгенде, гардероб қызметшісінің және досының үстінен арыз түскені анықталды.
Ол кезде Надежда ауданнан жаңа келген кезі болатын, баспанасы жоқ, қай жерден орын болса, сол жерге түнеп жүрген. Әр күні стақанмен басталып, онымен аяқталатын ортаны кездестірген
Сот үкімімен оған ұрлық жасағаны үшін 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Соңғы уақытта Надежда ішімдікке қатты салынып, адам танымастай өзгеріп, жұмысқа орналаса алмай жүрді.
– Мен бұлай жүруім ұзаққа созыла алмайтынын түсіндім, тағы біраз өмір сүргім келді. Бірақ мен өзімді тоқтата алмадым және бұл күйде анама да бара алмадым, сондықтан мен пробация қызметкерлеріне жүгінуді шештім, – дейді сотталушы.
Әйел маскүнемдіктен емделіп, өмірін жаңадан бастағысы келетінін егжей-тегжейлі сипаттап хат жазды.
– Біз бұл тақырыпты бүкіл бөліммен отырып талқыладық, Надеждаға қолдау көрсетіп, бәрін басынан бастауға көмектестік, – дейді Көкшетау қаласының пробация бөлімінің бастығы Әсет Әбішев.
Қаланың жұмыспен қамту бөліміне хабарласқаннан кейін, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды бейімдеу орталығында есепшот ашу мәселесі қаралды.
Бірнеше күн ішінде әйел емделуге жолдама алу үшін тексерілді. Онымен орталықта психолог маман жұмыс істейді, Надежда жақсы студент болып шықты, оған ұсынылған жеке қаржыны басқару бойынша бір айлық курсты бітіріп, сертификат алды. Енді Надежда наркологияда емделмек.
– Осындай жұмыста істейтін адамдарға үлкен рақмет, олар мені өмірге қайтарды, менің болашаққа деген көптеген жоспарларым бар, бұрынғы өміріме оралмау үшін бәрін жасаймын. Мен үшін бәрі ойдағыдай болатынына сенімдімін, – дейді ол.