Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ойнап жүріп үйінен алыстап кеткен 3 жасар бала көл жағасынан табылды

Ыстық ауа райына байланысты 2020 жылғы жазғы суға түсу кезеңінде судағы оқиғалар санын төмендету мақсатында Ақмола облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары облыс су айдындарында суға шомылу және балық аулау кезінде судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша күнделікті алдын алу рейдтерін өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қопа көлінің жағалау аймағы бойындағы кезекті рейд барысында Көкшетау қаласының құтқару бөлімшесінің басшысы Роман Шевченко және бас құтқарушысы Ерлан Жапаров Жағалау көшесінде орналасқан жартылай қираған тұрғын үй ғимаратында 2017 жылы туылған кәмелетке толмаған үш жасар баланы тапты.

Бала атын және мекен-жайын білмеді.  Баланың аты мен мекен-жайын анықтау үшін құтқарушылар баланы ертіп Қопа көлінің жағалау аймағында орналасқан тұрғын үйлерді аралап шықты. Өзі немересін таныған қарт ана жағдайды түсінбей жатып құтқарушыларды баланы ұрладыңдар деп айыптапты. Кейін мән-жайды білген соң алғысын айтты. Әжесінің сөзіне қарағанда, баланың анасы азық-түлік алу үшін дүкенге кеткен, өзі ойнап жүрген баланың ауладан қалай шығып кеткенін байқамай қалған.

Балаларыңызды жалғыз қалдырмаңыз. Оларды қауіпсіздік негіздеріне үйретіңіз – қауіпсіздік мәселелерін талқылап, балаларға үлгі болыңыз!
Сондай-ақ ұнауы мүмкін

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.