Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының студенттері ПД мұражайына экскурсия жасады

Ақмола облысының студенттері ПД мұражайына экскурсия жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 28 мамырында Ақмола облысы полиция департаментінің мұражайына Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері. Қонақтар ведомство мұражайы мен жедел басқару орталығына барды.

Мұражай инспекторы Айдана Исина балаларға Ақмола облысының ішкі істер органдарының құрылуы туралы айтып берді. Экскурсия барысында жастар екі дәуірдің әртүрлі қызметтері мен бөлімшелері – Кеңес милициясы мен Қазақстан полициясы туралы баяндайтын 5 мыңға жуық экспонатпен танысты.

Департамент қонақтарына тарихи құжаттар, трофейлік қарулар, ордендер, медальдар, марапаттау парақтары, кительдер және ҰОС қатысушылары мен ІІО ардагерлерінің жеке қорлары көрсетілді.  Сол күні балалар жедел басқару орталығында болып, көшедегі бейнебақылау желісінің тиімділігіне көз жеткізді.

Азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ЖБО тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. Бірде-бір құқық бұзушылық немесе қылмыс назардан тыс қалмайды: оқиға орнына патрульдік полицияның жасақтары дереу жіберіліп, теріс қылық фактісі тіркеледі.

Экскурсия соңында департамент қонақтары пікірлер кітабында өз әсерлерімен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру