Ақмола облысының тұрғындары жолда көрсеткен көмегі үшін полицейлерге алғыс айтты
Ақмола облысының тұрғындары жолда көрсеткен көмегі үшін полицейлерге алғыс айтты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
“Омбы трассасында көрсеткен көмектері үшін қызметкерлерге зор алғысымды білдіремін”, – деген сөздер СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына хабарлама түрінде келіп түсті. Жолда қиын жағдайға тап болған жолаушы полицейлерге ризашылығын білдірді.
21 тамыз күні кешкісін СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Сергей Михайленко мен Дамир Келдіғұлов Челябі – Новосібір тас жолының 623-шақырымында ақмолалық нөмірлі Toyota автокөлігін байқап қалды. Салонда бастауыш сынып жасындағы бала бар үш жолаушы отырған.
Көліктің доңғалағы жарылып, жүргізуші жалғыз өзі жаңбырдан кейінгі тайғақ жол жиегінде оны ауыстыра алмай әбігерге түскен. Ескі домкрат жұмысты қауіпті еткен. Полицейлердің көмегінің арқасында мәселе қысқа уақытта шешіліп, Ақмола облысының тұрғындары жолдарын жалғастыра алды.
— Бұл – біздің қызметтік міндетіміз. Қазақстан жолдарындағы әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі тиіс. “Заң мен Тәртіп” тұжырымдамасының патрульдік полиция тұрғысынан жүзеге асуы дәл осылай көрініс табады.
Барлық жүргізушіні жолда мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, – дейді қызметкерлер.