Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғыны алаяқтарға сеніп, ақшасынан айырылды

Ақмола облысының тұрғыны алаяқтарға сеніп, ақшасынан айырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 22 шілдесінде облыстың аудандық полиция бөлімдерінің біріне жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түсті. Әйел белгісіз адамның инвестициялау сылтауымен алаяқтық жолмен 6 млн теңге сомасында қаражатын иемденгенін хабарлады.

Осыдан бұрын әлеуметтік желідегі бейнелерді қарап отырып, жәбірленуші “жылдам табыс” жарнамасын көріп, телефон нөмірін қалдырған. Біраз уақыттан кейін оған өзін инвестициялық компанияның қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам қоңырау шалып, Industrial-Trading онлайн-платформасында тіркелуге көндірген. Күдіктінің сұрағымен жәбірленуші өзінің жеке деректерін көрсетіп, банк карталарын байлап, жалпы сомасы 6 млн. теңгеден астам бірнеше несие ресімдеген.

Алаяқтың нұсқауы бойынша алынған қаражатты ол әртүрлі жеке кәсіпкерлердің шоттарына аударған. Кейіннен алаяқтармен байланыс үзіліп, әйел үлкен несиелік қарызбен қапы қалды.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция ескертеді: интернеттегі “оңай табыс” уәделеріне сенбеңіз. Белгісіз тұлғаларға жеке деректеріңізді, логиндеріңізді, парольдеріңізді және банк карталарының деректерін бермеңіз.
Басқа біреудің нұсқауы бойынша несие немесе аударым жасамаңыз. Ақша аудармас бұрын кез-келген инвестициялық платформаны тексеріп, мамандармен кеңесіңіз. Жинаған ақшаңызды сақтаңыз және интернет-алаяқтықтың құрбаны болмаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру