Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғыны алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Ақмола облысының тұрғыны алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қыркүйекте Бурабай ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі туралы өтінішпен жүгінді.

Алдын ала тергеу барысында жәбірленуші Hyundai Solaris көлігін бұрынғы әйелінен сатып алғаны анықталды. Алдын ала төлем ретінде ақмолалық оған 1,2 млн теңге берген. Алайда кейінірек көліктің үшінші тұлғаға тиесілі екенін білген. Содан ер адам полицияға арызбен жүгінді.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру