Ақмола облысының тұрғыны мас туысына көлігін басқаруға рұқсат берген
Ақмола облысының тұрғыны мас туысына көлігін басқаруға рұқсат берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың 8 маусымында Степногорск қаласы полиция басқармасының қызметкерлері сағат 14:00 шамасында жақын маңдағы елді мекендердің бірінде Audi 80 көлігін тоқтатты, оның жүргізушісі маневр жасау ережелерін бұза отырып, полицейлердің назарын аударды.
Құжаттарды тексеру кезінде автокөліктің иесі салонда болғаны анықталды, бірақ медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес орта дәрежелі мас күйінде болған ағасына техникалық құралды басқаруды тапсырды.
Полиция басқармасы осы фактіге қатысты 346-бабының 1-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болған адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.