Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғыны полицейлерге алғыс білдірді

Ақмола облысының тұрғыны полицейлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі күннің батырларына Көкшетау қаласының тұрғыны аноним түрде алғыс білдірген. Нақтырақ айтқанда, полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алған.

– №2 УПП учаскелік полицейлері Мақсат Торсанға және Қуат Қажымовқа шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. 19 қазан күні сағат 17:00 шамасында полицияға қоңырау шалдым. Полицейлер менің өтінішіме жедел жауап беріп, мекенжайыма бірден жетті. Олар газ қосылып қалған үйімде қатты ұйықтап, есікті ашпаған жұбайымның өмірін сақтап қалды. Пәтерге кірген полицейлер газ плитасының оттықтарын сөндірді. Үй ішінде газдың қатты иісі сезілді. Қызметкерлер уақытында үлгермеген жағдайда, қайғылы жағдай болар еді, – деп жазған қала тұрғыны.

Учаскелік инспекторлардың айтуынша, әйел кіреберістің есігінде көрсетілген қызмет нөміріне қоңырау шалған. Есіктің сыртына дейін жеткен газдың иісін сезген полицейлер есікті жедел ашқан. Пәтерге кіргенде, ер адам ұйықтап жатқан. Ал ас үйде екі оттық ашылған, олардан газ шықты. Полицейлер адам өміріне қауіп төнгенін түсінген.

Азаматтардан ризашылық хатын алу – полицейлерге үлкен мәртебе. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру