Ақмола облысының тұрғыны полиция қызметкерлеріне алғыс айтты
Ақмола облысының тұрғыны полиция қызметкерлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астрахан ауданының тұрғыны жол-көлік оқиғасына себеп болған жылқының иесін анықтап, болашақта осындай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар жүргізген полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
Оқиға Жантеке ауылының маңындағы Астана – Қорғалжын тас жолының 91-ші шақырымында болған. Hyundai Elantra автокөлігін басқарған азамат иесіз жайылып жүрген жылқыға соқтығысып, апатқа ұшыраған. Жүргізуші зардап шекпегенімен, көлік айтарлықтай зақымданып, жөндеуді қажет етті.
Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, қажетті тергеу амалдарын жүргізді. Нәтижесінде жануардың иесі анықталып, оған қатысты мал ұстау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар құқық қорғаушылар мал иесіне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын және осындай жағдайларды болдырмау үшін жануарларға тиісті күтім жасау қажеттігін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Полицейлер оқиғадан зардап шеккен жүргізушіге оның құқықтарын түсіндіріп, материалдық және моральдық залалды сот арқылы өндіру мүмкіндігін жеткізді. Көзбе-көз әңгімелесу барысында тараптар ортақ келісімге келіп, өзара түсіністік орнатты. Оқиға жанжалсыз аяқталып, екі тарапқа да тиімді шешім қабылданды.
Қорғалжын ауданының тұрғыны өзінің бейнежолдауында полиция қызметкерлерінің жоғары кәсібилігін атап өтіп, оларға тек тергеу жүргізгені үшін ғана емес, болашақта мұндай оқиғаларды болдырмауға бағытталған алдын алу шаралары үшін шынайы алғысын білдірді.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті мен жанашырлығы осындай қиын жағдайларда қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін тағы бір мәрте дәлелденді.