Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола ПД бастығы Бурабай ауданына жұмыс сапарымен келді

Ақмола ПД бастығы Бурабай ауданына жұмыс сапарымен келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қарашада Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин Бурабай ауданына жұмыс сапарымен келді.

– Жеке тәртіпсіз, жұмысқа жауапкершілікпен қараусыз, жұмыс уақытын дұрыс бөлусіз оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Кезекші бөлім қызметкерлерінің қызметтік-әскери тәртіпті сақтауына ерекше назар аударамын. Полиция қызметі азаматтардың кезекші бөлімге жүгінуінен басталады. Сондықтан жұмыс сапарын аумақтық бөлімшенің жұмысын тексеруден басталдым, – деп атап өтті полиция ведомствосының басшысы.

Департамент бастығы аудандық бөлімнің, жол-патрульдік полициясы ротасы мен батальонының жеке құрамын таңертеңгі таратуды өткізуге жеке өзі қатысты. Аудандық бөлімнің басшылық құрамымен кездесуде жедел-қызметтік жұмысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Нәтижесінде учаскелік полиция пункттерінің шекаралары қайта қаралды, криминогендік жағдайды және құқық бұзушылық жасауға бейім адамдардың тұрғылықты жерін ескере отырып, жаяу нарядтар мен автопатрульдерді патрульдеу бағыттары өзгертілді. Сапар барысында ПД  бастығы блогерлермен, еріктілермен, үй басқарушылармен кездесті, әлеуметтік қолдау дағдарыс орталығына барып, Щучинск қаласының №3 учаскелік полиция пунктінде азаматтарды жеке қабылдады.

Дағдарыс орталығының қызметкерлерімен және тұрғындарымен кездескен полиция бөлімінің басшысы полиция қызметкерлері тарапынан қандай көмек қажет екенін сұрады. Орталық қызметкерлері полицейлермен тығыз қарым-қатынас жасайтындарын айтты. Олардың ортақ міндеті – қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен әйелдердің психикалық және дене денсаулығын сақтау. Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Бурабай полицейлері 228 қорғау нұсқамасын және үй жанжалқойлрның мінез-құлқына 85 ерекше талап шығарды.

«Жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асыруда, жұмыстың сервистік үлгісіне көшуде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл үлкен маңызға ие. Аудандық полиция бөлімі қабырғасында облыстық Полиция департаментінің бастығы жергілікті блогерлермен кездесті. Олар азаматтарды толғандыратын мәселелерді қозғайды. Кездесу қызықты өтті.

– Құқық қорғау органдарының жұмысы өзгеріске ұшырауда. Біздің басты мақсатымыз – полиция жұмысының ашықтығын арттыру, әлеуметтік желілерде азаматтармен кері байланысты қолдау, – деп бөлісті бас полицей.

Азаматтар әлеуметтік желілердегі құқық қорғау тақырыптарындағы жарияланымдарға ерекше назар аударады. Блогерлерді жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қызықтырды, құқық бұзушылықтарды тіркеудің автоматтандырылған жүйелерінің жұмысы ерекше қызығушылық тудырды. Блогерлер қозғаған тағы бір маңызды мәселе – адамдардың қараусыз жайылып жүрген мал үшін жауапкершілігі. Олар «SOS 102» қосымшасын белсенді қолданып, оның ыңғайлылығын атап өтіп, қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарлары туралы хабарлайды.


Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Ақмола полициясының басшысы Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен және еріктілермен кездесті. Ол белсенді азаматтық ұстанымы бар жастарға полиция қызметкерлеріне хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіруге, адамдарды қар құрсауынан шығаруға көмектескені үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, ол қылмыс бір орында тұрмайтынын атап өтті. Бұл полиция қызметін үнемі жетілдіруді талап етеді. Полиция ведомствосының басшысы it-білімі бар азаматтардың синтетикалық есірткі таратушылар мен күмәнді мазмұндағы хабарландырулар жариялайтын алаяқтарды анықтау бойынша Интернет желісіне мониторинг жүргізуде көмегі полиция жұмысында жақсы демеу екенін атап өтті.

Сапар соңында Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаевпен бірге ПД бастығы үй басқарушыларымен кездесіп, №3 учаскелік полиция пунктінде азаматтарды жеке қабылдады.

Қазір меншік иелерінің кооперативтерін басқарушы немесе сервистік компанияларға қайта құру процесі жүріп жатыр, олармен болашақта МИБ-мен қызмет көрсету туралы келісімдер жасасуы мүмкін. Полицияның тұрғын үй иелерімен өзара іс-қимылы-қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша ресурс. Қазір үй басқарушылары учаскелік полиция инспекторларымен байланыста, олар қызмет көрсетілетін учаскенің тұрғындарының чаттарында тұрады. Полиция қызметкерлері мен пәтер иелерінің үйлесімді жұмысы қылмыстың алдын алады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында бас ақмолалық полиция қызметкері апта сайын азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді. Бурабай ауданында үш жергілікті тұрғын өздерін толғандыратын проблемаларменбас полицейге жүгінді. 2 мәселе қылмыстық істерді тергеуге қатысты болды. А. Баймурзин жағдайды егжей-тегжейлі түсінуге уәде берді және осы мәселелерді жеке бақылауға алды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бастап Полиция департаментінің бастығы облыстың 440 тұрғынын қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру