Ақмола полицейлері 21 жастағы жігітті іздестіріп жатыр
Ақмола облысының полицейлері 21 жастағы жігітті іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 қыркүйекте Бестөбе кентінің 72 жастағы тұрғыны 21 жастағы немересі Константин Повидті іздестіру шараларын қабылдау туралы өтінішпен Степногорск қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне жүгінді, ол ағымдағы жылғы 20 қыркүйекте шамамен сағат 13:00-де Бестөбе кентіндегі үйінен кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған.
Қазіргі уақытта жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Облыстың ПД ҚАПББ жеке құрамы және берілген күштер іздеуге бағытталған.
Белгілері: бойы шамамен 160 см, дене бітімі орташа, көзі сұр-көк, шашы қысқа, қоңыр, іш тұсында туылған кезде жасалған операциядан қалған тыртығы бар, “Р” әрпін нашар айтады.
Киген киімі: көк түсті күзгі күрте, қызыл түсті футболка, қызыл түсті жейде, сұр түсті трико, ақ жолағы бар қара түсті бас киім, көк түсті туфли.
Жоғалған адамның орналасқан жері туралы ақпаратқа ие болғандардың барлығын 8(7162) 72-32-98 телефоны немесе 102 желісі бойынша хабарлауды сұраймыз.