Ақмола полицейлері «30 игі іс» акциясы аясында қан тапсырды
Ақмола облысы Полиция департаментінің 30 қызметкері қан банкін толықтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясына ықыласпен қатысты. Полицейлер медициналық тексеруден өтті, ал зертханашылар әр донордың қан тобын анықтады.
Ақмола полицейлері – Көкшетау қаласының қан орталығының жиі қонақтары. Олардың көпшілігі үшін үнемі қан тапсыру дәстүрге айналған. Өз кезегінде дәрігерлер полиция қызметкерлерін еріктілер қатарында көруге қуанышты. Өйткені тәртіп сақшылары үнемі медициналық тексерулерден өтеді, дене дайындығы жақсы, ал ауыр сырқаты жоқ адам ғана донор бола алады.
– Бұл акция ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Полиция департаменті қан тапсыру туралы шешім қабылдады. Біздің акция науқас балаларға, донор қанына мұқтаж барлық адамдарға көмек көрсетуге бағытталған. Бұл акция бір реттік емес екенін атап өткім келеді. Мысалы, Көкшетау қаласы Полиция басқармасының жедел-криминалистикалық бөлімінің қызметкері Серғазы Мейерманов Көкшетау қаласының құрметті донор болып табылады, барлық мемлекеттік қызметшілерді қан тапсыруға шақырғым келеді, – деп атап өтті Жедел-криминалистикалық басқарма бастығының орынбасары Арман Мұратұлы Дүтбаев.
Полиция қызметкері С. Мейермановтың өзі 20 жыл бойы қан тапсырып келе жатқанын және оның қаны адамдардың өмірін сақтап қалатынын мақтан тұтатынын айтады. Полицейдің айтуынша, ол алғаш рет 18 жасында досының әкесіне қан тапсыруға келген. Кейінірек Серғазы сирек фенотипі бар донор екені белгілі болды. Бұл туралы білгеннен кейін ол қанын қанша қажет болса, сонша береді деп шешкен.