Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері әйелін ұрып-соққан ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады

Ақмола полицейлері әйелін ұрып-соққан ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қарашада Бурабай АПБ кезекші бөліміне өңірдегі ауылдардың бірінің 39 жастағы тұрғыны жүгінді. Әйел 6 қазанда оның күйеуі жанжал кезінде оған дене жарақатын салғанын, нәтижесінде әйелдің қолын зақымдағанын айтты.

Медициналық мекемеге барғаннан кейін әйелге «оң жақ шынтақ буынының жабық сынуы» диагнозы қойылды.

Қазіргі уақытта Бурабай полицейлері әйелдің 34 жастағы азаматтық күйеуіне қатысты 107-баптың 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жалпы, жылдың басынан бастап Ақмола полицейлері 2 815 қорғау нұсқамасын шығарды, құқық бұзушылардың жүріс-тұрысына 594 ерекше талап қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру