Ақмола полицейлері ата-аналарды балалардың терезеден құлап кету қаупінің алдын алуға шақырады
Ақмола полицейлері ата-аналарды ашық терезе маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының полиция департаменті балалардың терезеден құлау қаупі туралы ескертеді және ата-аналарға жазатайым оқиғаны болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды ұсынады.
Жаз маусымының басталуымен өңір аумағында Атбасар, Степногорск, Бурабай және Шортанды аудандарында балалардың терезеден құлауының 6 жағдайы және Көкшетау қаласында 2 факт тіркелді. Абырой болғанда барлық балалар тірі қалды.
Ата-аналарға қажетті қауіпсіздік шараларының сақталуын еске салу үшін ювеналды полиция инспекторлары облыс тұрғындарымен көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың түсуіне жол бермеу бойынша түсіндірме әңгімелер мен профилактикалық жұмыстар жүргізеді және балаларды терезелерден құлаудан қорғау бойынша ұсыныстармен бөліседі.
Ең бастысы – кішкентай баланы ешқашан қараусыз қалдырмау. Бұл ереже кез-келген өмірлік жағдайда әмбебап алдын-алу шарасы болып есептеледі.
Ешқашан москит торларына сенбеңіз – балалар оларға сүйеніп, тормен бірге құлайды. Баланың терезені өздігінен ашуына жол бермеу үшін терезелерге арнайы қорғаныс жүйелерін (құлыптар, блокаторлар) орнатыңыз. Барлық жиһазды терезелерден алыстатыңыз, бұл нәрестенің терезеге кездейсоқ түсуіне жол бермейді.