Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ауа райының қолайсыздығына байланысты 280-ге жуық автокөлікке ілесіп жүрді

Ақмола полицейлері ауа райының қолайсыздығына байланысты 280-ге  жуық автокөлікке ілесіп жүрді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 ақпанда облыс жолдарында ауа райы құбылмалы болды. Өңірде ауа райының нашарлауына, қатты жел, боран, қар жауып, көрінудің шектеулі болуына байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскелерінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Полицейлердің басты міндеті – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғана емес, ауа райына байланысты қандай да бір оқиғаларды болдырмау.

Облыс аумағында 156 қызметкер мен 53 автокөлік бірлігінен тұратын 53 мобильді бекет қойылды. Тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет етті, қолайсыз ауа райында тұрып қалған автокөліктерге еріп, жүргізушілер мен олардың жолаушыларына көмек көрсетті. Ақмолалық полицейлер барлығы 278 автокөлікке, оның ішінде 41 жүк көлігіне ілесіп жүрді. Бұл колонналарға автожолдарда патрульдік полицияның бес экипажы еріп жүрді.

Ақмола полицейлері облыс тұрғындарын ауа райының нашарлауы туралы хабарламаларды ескермеуге және шұғыл қажеттіліксіз елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға шақырады. Сонымен қатар, сапар алдында әрқашан көліктің техникалық жағдайын тексеру қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру