Ақмола полицейлері бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты
Ақмола полицейлері бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола полицейлері бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты. Осы жылдың 9 қарашасында Степногорск қаласының полиция басқармасына өңірдегі кәсіпорындардың бірінің аумағында ұрлық жасалғаны туралы өтініш келіп түсті.
Келіп түскен өтініште осы жылдың 2 қарашасында белгісіз адамдар комбинаттың суық қоймасына кіріп, іскерлік металды ұрлап кеткені туралы хабарланды. Залал сомасы 6 млн 308 мың теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті тұлғаны анықтады. Қазіргі уақытта оның аталған қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.
Қылмысты ашу үшін полицейлер аймақтың металл сынықтарын жинау пункттерін тексеріп, ұрланған металды Астана қаласынан тапты. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Күдікті азаматтың комбинат қызметкері екені белгілі болды. Ол жүк көлігі мен жүк тиегішті жалдап, ұрланған затты Астана қаласына апарып, содан кейін металды қабылдау пунктіне тапсырған.
Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.