Ақмола полицейлері бұрын жасалған ұрлық қылмысының бетін ашты
Ақмола полицейлері бұрын жасалған ұрлық қылмысының бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұланды ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері өткен жылдың 27 тамызында жасалған қылмыстың бетін ашты. 44 жастағы жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар үйдің ауласынан 500 мың теңге көлемінде ақша салынған сейф ұрлаған. Ер адам металл қабылдаумен айналысқан және ауласында кішкентай сейфте клиенттерге ақша беру үшін қаражат ұстаған.
Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары үй маңындағы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ашылған және ақшасы жоқ сейфті тапты. Саусақ іздері болмады, куәгерлер де табылған жоқ. Алайда полицейлер тоқтаусыз іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер Макинск қаласының 35 жастағы тұрғынын анықтады, оның қолында ақша салынған сөмке табылды.
Бұрын ер адам осындай қылмыс үшін сотталғаны белгілі болды.