Ақмола полицейлері дүкендерге ұрлыққа түскендерді ұстады
Ақмола полицейлері дүкендерге ұрлыққа түскендерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 ақпанда Ақкөл ауданының полиция бөліміне Ақкөл қаласындағы дүкен иесі сол күні дүкеннен белгісіз тұлға үш бөтелке қымбат виски ұрлағаны туралы өтінішпен жүгінді: JackDaniels, JamesonCaskmates, GlenlivetESTD. Шығын сомасы 41 мың теңгеден асты.
Қаскүнем дүкенде орнатылған бейнебақылау камерасының объективіне түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ақкөл қаласының 20 жастағы тұрғыны сөреден қымбат алкогольді алып, оны сырт киімінің астына тығып, дүкеннен шығып кеткен. ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Дүкеннен тағы бір ұрлық Көкшетауда жасалған. 23 ақпанда Көкшетау қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының 40 жастағы тұрғынының сол күні сағат 15:00 шамасында дүкен сөресінен 8 қорап Merci шоколадының ұрланғаны туралы өтініші келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.