Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері екі күнде 1,5 мыңға жуық заң бұзушылықты анықтады

Ақмола полицейлері екі күнде 1,5 мыңға жуық заң бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында 8-17 қараша аралығында Ақмола облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінде ақмолалық полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1466 фактісін анықтады. 25 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылды. Жүргізу құқығынан айырылған адамдардың көлік басқарудың – 7 фактісі, сондай-ақ көлік басқару құқығы жоқ адамдардың көлік жүргізуінің 30 фактісі анықталды. 85 жүргізуші жылдамдық режимін бұзды. 232 жүргізуші қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Көлік құралын басқару кезінде телефонмен сөйлескен 83 ақмолалық анықталды. 11 азамат өз көліктерін заңсыз қайта жабдықтады. 136 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған. Сондай-ақ жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 8 фактісі анықталды, жүргізушілер ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері ресейлік есептегі 63 бірлік көлік құралын тексерді, олардың жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақмола облысының Полиция департаментінде Ресей Федерациясынан әкелінген автокөліктерді тіркеу тәртібін түсіндіру мәселелері бойынша Call-орталық жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Тел: 8(7162) 29-98-48. Ақмола облысының тұрғындары 8(7162)72-36-13 телефонына хабарласып, олардың әкімшілік айыппұлдары бар-жоғын біле алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру