Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ер адамның өмірін құтқарып қалды

Ақмола полицейлері ер адамның өмірін құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл оқиға Көкшетауда тапа-тал түсте болған. Полиция қызметкері Серікбай Қазбеков дер кезінде әрекет жасап, ер адамның өмірін сақтап қалды.

Полицейдің айтуынша, 23 шілде сағат 13.45 шамасында Көкшетау қаласының орталық алаңын патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкері “Cinema Alem” кинотеатрының жанында белгісіз ер адам тамырын кесіп жатқанын көрген. Жағдайды бірден бағалай отырып, полиция қызметкері азаматты әңгімеге тартуға тырысты.

Серікбай мұндай әрекеттің себебі жеке сипаттағы мәселелер екенін білді және әңгімені үзбей, полиция қызметкері ақмолалықты жақын маңдағы стационарлық полиция бекетіне жеткізді. Ер адамға психологиялық көмек көрсетіліп, Серікбай білегіне импровизацияланған құралдардан жгут салып, кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Қазіргі уақытта ер адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлердің бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру