Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері хабар-ошарсыз жоғалған ер адамды іздестіруде

Ақмола полицейлері хабар-ошарсыз жоғалған ер адамды іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 2 маусымында Көкшетау қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне облыс орталығының 52 жастағы тұрғынынан азаматтың немере ағасын іздеуге көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті. 1974 жылы 13 тамызда туған ер адам Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Аймақ ауылында тұрады, Көкшетау қаласында Застанционный кентінде құрылысшы болып жұмыс істейді.

2 маусымда үйден шыққаннан кейін ол жұмысқа шықпаған және оның орналасқан жері әлі белгісіз.

Белгілері: бойы 160 см, дене бітімі арықша, көздері жасыл, шашы қара. Қара түсті спорттық костюм, қара түсті қалпақ, қара түсті кроссовка киген. Қолында көк түсті пакеті бар.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Полиция қызметкерлері ер адамды Бірлік шағын ауданына дейін жеткізген такси жүргізушісінен жауап алып, жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеді. Омбы бағытындағы аялдамада ер адам велосипедпен келе жатқан жігітті кездестіргені белгілі. Олар 30 минуттай сөйлесіп, Бірлік шағын ауданына бет алды. Ер адамды іздеуге Көкшетау қаласы ПБ-ның жеке құрамы бағытталған.Полицейлер қандай да бір ақпаратқа ие немесе Ерғат Хамитұлының тұрған жері туралы білетіндердің барлығынан “102” арнайы желісіне қоңырау шалуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру