Ақмола полицейлері ірі пәтер ұрлығын ашты
Ақмола полицейлері ірі пәтер ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 мамырда криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бірнеше күн бұрын жасалған ұрлықтың бетін ашты.
Полицияға қылмыс жасалғаны туралы өтініш 12 мамырда келіп түсті. Жергілікті тұрғынның айтуынша, белгісіз біреулер оның жеке үйіне кіріп, 160 мың теңге ақша қаражаты мен алтын бұйымдарын ұрлап әкеткен. Бұл ретте қаскүнемдер үй иелерінің жұмыста болуын пайдаланған, ұрлық таңғы сағат 08.00-мен 14.00-ге дейінгі аралықта жасалған, алайда көршілер де, кездейсоқ куәгерлер де үйге кіру фактісін байқамаған. Өтініш беруші жалпы шығын көлемін 475 мың теңгеге бағалады.
Өтініш келіп түскен соң бірден оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Алғашқы тексеру ұрының бөлмеге пластикалық терезені ашып кіргенін көрсетті, мұнда саусақ іздері мен аяқ киімнің іздері тәркіленді.
Ұрланған зергерлік бұйымдарды іздеу және күдіктілерді анықтау үшін полиция арнайы іс-шаралар кешенін жүргізді. Нәтижесінде, үш күннен кейін бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған 40 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеу шаралары барысында ұрланған зат дәлел ретінде табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Көкшетау тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.