Ақмола полицейлері із-түзсіз жоғалған 26 жастағы қызды іздестіруде
Ақмола полицейлері із-түзсіз жоғалған 26 жастағы қызды іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 қаңтарда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны жиені 11.07.1995 жылы туған Аида Таутекованы іздеуге көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті. Ол ағымдағы жылғы 3 қаңтарда сағат 15:00-де үйден шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз.
Белгілері: бойы 165-170 см, дене бітімі тығыз, шашы ұзын, қоңыр.
Үстіне қара пехора, қара етік, шарф пен бас киім киген. Өзімен бірге қара түсті былғары сөмке, ұялы телефон.
Хабар-ошарсыз кеткен адамды іздеуге барлық жеке құрам мен берілген күштер бағытталған, адамдар көп жиналатын орындарда, сауда үйлері мен базарлар, қонақ үйлер, қараусыз қалған құрылыстар аумағында іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Хабар-ошарсыз кеткен адамның қайда екені туралы ақпарат болса, Ақмола облысы ПД КПБ-не 8(7162) 29-93-72, 8-707-255-59-35 немесе «102» телефондары бойынша дереу хабарлауды сұраймыз.