Ақмола полицейлері іздеуде жүрген 6 қылмыскерді анықтады
Ақмола полицейлері іздеуде жүрген 6 қылмыскерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының аумағында 9-18 наурыз аралығында «Іздестіру» бірлескен мемлекетаралық операциясы жүргізілуде. Оның мақсаты – қылмыскерлерді, оның ішінде ауыр, аса ауыр қылмыс жасағандарды ұстау, із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру тиімділігін арттыру.
Операция кезінде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының құрылымдары 6 қылмыскерді анықтап, ұстады.
Мәселен, Атбасар ауданының аумағында РФ ҚК 322-1-бабының 2-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Қорған облысы бойынша РФ ҚҚБ іздестіріліп жатқан ҚР азаматы анықталды.
ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі бойынша іздестіріліп жатқан Көкшетау қаласының 37 жастағы тұрғынын облыс орталығының аумағында жедел уәкілдер ұстады. Сонымен қатар, солтүстікқазақстандық әріптестерімен бірге СҚО Шалақын ауданының аумағында ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.
Сондай-ақ, операция басталғаннан бері жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде хабар-ошарсыз кеткен 10 адам анықталды, оның үшеуі кәмелетке толмағандар.