Ақмола полицейлері кәсіпорында болған ұрлық қылмысын тергеп жатыр
Ақмола полицейлері кәсіпорында болған ұрлық қылмысын тергеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Фермерлер көктемнен күздің аяғына дейін егістікте жұмыс істеп, егін өсіріп жатқанда, жеңіл пайданы ұнататындар ұрлық жасайды. Осындай жағдайлардың бірі Бурабай ауданында болған.
21 шілдеде Бурабай АПБ кезекші бөліміне жергілікті ЖШС директорынан 2023 жылдың мамыр, шілде айлары аралығында белгісіз адам 4 гидравликалық шланг, 14 қап астық, 800 л дизель жанармайын ұрлап әкеткені туралы өтініш келіп түсті. Кәсіпкер шығынды 250 мың теңгеге бағалады.
Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер зардап шеккен адамға механизатор болып жұмыс істеген 35 жастағы ер адамды анықтады. Полицейлер ер адамның қатысын тексеруде. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.