Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері көлік ұрыларын “ізін суытпай” ұстады

Ақмола полицейлері көлік ұрыларын “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 шілдеде жергілікті тұрғын Есіл ауданының полиция бөліміне хабарласып, үйдің ауласынан сағат 13:00 шамасында оған тиесілі DODGE автокөлігін белгісіз адамдар ұрлап кеткенін хабарлады. Әйел дереу полициядан көмек сұрады.

Жәбірленушінің айтуы бойынша, бұл күні оған екі ер адам сатып алушылар ретінде келіп, көлікті тексерді. Иесінен ауланы айналып өтуге рұқсат сұрағаннан кейін, күдіктілер белгісіз бағытқа көлікпен қашып кеткен.

Күдікті адамдарды анықтау және ұстау үшін полиция қызметкерлері ұстап алу жоспарын жариялады, қылмыс туралы ақпарат бірыңғай дислокация жүйесіне тартылған барлық полиция жасақтарына дереу берілді.

Көп ұзамай полиция қызметкерлері бұл көлікті Жақсы ауылына қарай автотрассамен жоғары жылдамдықпен келе жатқанын анықтады.
Алматы – Екатеринбург автожолында 980 шақырымға дейін қудалау нәтижесінде автокөлікті Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Санжар Қожеғұлов пен Ерлан Дарбаев ұстады.

Көлік салонында болған Астана қаласының екі тұрғыны ұсталып, автокөлікпен бірге Есіл ауданының полиция бөліміне жеткізілді, олардың біреуі бұрын 190-бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру