Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айырылған жүргізушіні ұстады

Ақмола полицейлері көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айырылған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 ақпанда Аршалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында учаскелік инспектор Азат Дүйсембеков пен А. Ысқақов Ижевское ауылының 36 жастағы тұрғыны басқаруымен BMW көлікті тоқтатты.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші жеңіл дәрежеде мас күй болған.

Тексеру барысында аталған азаматтың 2019 жылы 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. ҚР ҚК 346-бап 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру