Ақмола полицейлері көліктерінің алдыңғы терезелерін қараңғылаған жүргізушілерді анықтап жатыр
Ақмола полицейлері арнайы құралдың көмегімен көліктерінің алдыңғы терезелерін қараңғылаған жүргізушілерді анықтап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола полицейлері арнайы құралдың көмегімен көліктердің алдыңғы терезелерін қараңғылауға құмар жүргізушілерді анықтауды жалғастыруда. Әдетте, құқық бұзушыны бір қарағанда тануға болады — алдыңғы жолаушылар терезелерінің шамадан тыс қараңғылануы.
Сонымен қатар патрульдік полиция батальонының қызметкерлерінде жарық өткізгіштігін анықтай алатын құрал бар.
Полиция үнемі құқық бұзушыларды анықтайды. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жүргізілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда көлік терезесін қараңғылауға рұқсат тек артқы бүйір шыныларға ғана қолданылады. Оны алдыңғы әйнекке немесе алдыңғы мандайшасына қолдануға болмайды. Сонымен қатар заңнамаға сәйкес, әйнек жарықтың кем дегенде – 75%, ал алдыңғы әйнек кем дегенде – 70% өткізуі керек.
Мәселен, осы жылдың 11 қыркүйегінде облыс орталығының орталық көшесінде полицейлер 32 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен Hyundai Accent көлігін тоқтатты, оның бүйір әйнектерінде тыйым салынған пленка, қараңғылаған әйнек табылды. Осыған байланысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Ер адам өз кінәсін мойындап, полиция қызметкерлерінің алдында пленканы бірден алып тастады. Бас тартқан жағдайда, автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылады.
Жыл басынан бері техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына жауап бермейтін көлік құралдарын басқарғаны үшін, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар немесе жағдайлар болған кезде полицейлер 6 мыңнан астам жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Оның ішінде көлік терезелерін қараңғылағаны үшін 80 хаттама жасалды.
Осыған байланысты полицейлер жүргізушілерге қараңғыланған салонға жарықтың енуін төмендететінін, көрінуді нашарлататынын және бұл жол-көлік оқиғаларына әкелетінін тағы да еске салады және жол қозғалысы ережелерін бұзбауды сұрайды.