Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері мыңнан астам ЖКО бұзушылығын анықтады

Ақмола облысының полицейлері мыңнан астам ЖКО бұзушылығын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында ауыр зардаптармен жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында Ақмола облысының аумағында 4-6 ақпан аралығында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1157 фактісі анықталды.

ҚР ӘҚБтК 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша 26 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

7 ақпанда сағат 08:30-да Есіл қаласында облыстық ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Chevrolet Aveo көлгін тоқтатты. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама толтырылды. Материал әкімшілік соттың қарауына жіберіледі.

Сондай-ақ, басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік құралдарын басқарудың жеті фактісі, көлік жүргізу құқығы жоқ адамдардың көлік жүргізуінің – 21 фактісі анықталды. Қауіпсіздік белдігі пайдаланбағаны үшін – 170, көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін – 54, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткені үшін – 19 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 28 адам жауапқа тартылды. 103 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру