Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Ақмола облысының полиция департаменті 14-15 қыркүйек аралығында мүдделі мемлекеттік органдармен, денсаулық сақтау және білім беру органдарымен бірлесіп, өңір аумағында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оқу орындарында қауіпсіздік шараларын жетілдіруге бағытталған «Қауіпсіз мектеп» акциясын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері барлық жалпы білім беретін мекемелер мен колледждерде оқушылармен, студенттермен және олардың ата-аналарымен дәрістер мен кездесулер түрінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқушылар үшін полицейлер жеке мүлікті сақтау, қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу, оның ішінде жыныстық қол сұғушылыққа қарсы, қоғамдық орындарда, жолдарда, төтенше жағдайлар кезінде және бейтаныс адамдармен қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үйрету бойынша қажетті шаралар тізбесі бар жадынамалар дайындайды. Барлық мектепте құқықтық көмек көрсету және сенім телефондарының жұмысын ұйымдастыру жоспарланған.

Сонымен қатар Көкшетау қалалық ПБ ювеналды полиция инспекторлары мен бөлімшелері «Зорлық-зомбылықтың құрбаны болуға жол бермеу» бойынша ересектердің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде және ойын-сауық мекемелерінде болуға тыйым салу туралы ақпараттық-құқықтық стендтер дайындауда. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталған суық қаруды, атыс қаруын және денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін басқа заттарды анықтап, тәркілеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру