Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері оқыту семинарына қатысты

Ақмола полицейлері семинар-тренингке қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 тамызда Ақмола облысындағы Достар МҮ-де «Гендерлік теңдік – дамуға жол» атты семинар-тренинг өтті. Іс-шараның бастамашылары Ақмола ҚХА аналар кеңесі, «Сенімен болашақ»  ҮЕҰ басшысы А.Нұрмағанбетова болды.

Семинар барысында әйелдер мен қыздарды кемсітудің барлық нысандарын жою, барлық әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін, соның ішінде адам саудасын, жыныстық және басқа да пайдаланудың алдын алу туралы сөз болды. Қоғамдық және жеке салаларда жою мәселелері талқыланды.

Оқыту семинарына Ақмола облысы ПД ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау құрылымының аға инспекторы Альбина Дауенова, Көкшетау қаласы ПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау құрылымының инспекторы Эльвира Трайбер, сондай-ақ аналар кеңесінің мүшелері және көп балалы аналар келді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру