Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері орманнан шолақ мылтық тапты

Ақмола полицейлері орманнан шолақ мылтық тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 шілдеде Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Бурабай ауданының орман алқабында «Учаске» ЖПІШ шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қонақ үйлердің бірінің жанынан маркасы мен нөмірі жоқ бір оқпанды мылтықтың кесіндісін, сондай-ақ оның 4 патронын тапты.

Табылған қару мен патрондарға қатысы бар болуы мүмкін адам анықталды. Қазіргі таңда өзге де тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Осы дерекке қатысты Ақмола облысының полиция департаменті ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру