Ақмола полицейлері осы жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысын шығарды
Ақмола полицейлері ағымдағы жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қазанда Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы А. Баймурзиннің төрағалығымен осы жылдың 9 айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша кеңес өтті.
Құқық қорғау органдары полиция жұмысының сервистік моделіне көшу мәселелерін қарады. Ведомство басшысы қатысушылардың назарын полиция қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігі қағидатын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыруға аударды. ПД бастығы азаматтардың өтініштерін уақтылы қарауға ерекше мән береді.
Аумақтық бөлімшелердің бастықтарына Мемлекет басшысының «халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру, интернет-алаяқтықтың, есірткі қылмыстарының жолын кесу және синтетикалық есірткіні таратумен айналысатын адамдарды анықтау, облыс аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты нұсқаулар берілді.
Кеңестің қорытынды бөлімінде Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаевтың бұйрығымен Ақмола облысының кеніштерінде құрамында алтыны бар материалдарды ұрлау бойынша қызметтің жолын кесуге бағытталған арнайы операцияны өткізу нәтижелері бойынша Департаменттің төрт қызметкері 2-дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен, екеуі алғыс хаттармен марапатталды.