Ақмола полицейлері қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдіктіні анықтады
Ақмола облысының полицейлері қалалық автобуста тұрғынның жеке мүлкін ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласының тұрғынынан 22 маршруттық автобуста алтын бұйымдар салынған әйелдер қол сөмкесін ұрлап кеткен.
Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 500 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында қаскүнем анықталды. Күдікті облыс орталығының уақытша жұмыс істемейтін 53 жастағы тұрғыны болып шықты.
Полиция басқармасы осы факті бойынша 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Баптың санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді.
Ақмола облысының полиция департаменті жолаушыларды жеке мүлкін ұрламау үшін қоғамдық көлікте қырағы болуға шақырады.