Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері саяжай аулаларынан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Ақмола полицейлері саяжай аулаларынан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 1 маусымында Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 79 жастағы тұрғыны жүгінді. Егде жастағы әйел белгісіз адам саяжай учаскесінің аумағынан жалпы сомасы 100 мың теңгеге 12 металл бағананы ұрлап кеткенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Көкшетау жедел қызметкерлері 37 жастағы күдікті адамды анықтады. Қаскүнем ұрлық жасау үшін «Газель» маркалы автокөлікті пайдаланғаны белгілі болды.

Тергеу барысында күдіктінің зеренді саяжайларында басқа да осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы анықталды.

Ұрланған мүлікті полицейлер ішінара алып, көп ұзамай заңды иелеріне қайтарды, ұрланған заттың бір бөлігін қаскүнем металл қабылдау пункттерінде тапсырған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу қозғалды. Бұлтартпау шарасы таңдалды: «күзетпен ұстау».

Егер сіз саяжай учаскелерінің аумағында бөтен, бейтаныс адамдар, белгілі тұрғылықты жері жоқ немесе күдікті адамдар бар екенін байқасаңыз, бұл туралы полицияға хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру