Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері тұрғындарға үй жануарларын асырау мен серуендетудің негізгі ережелерін еске салды

Ақмола облысының полицейлері қала тұрғындарына үй жануарларын асырау мен серуендетудің негізгі ережелері туралы еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үй жануарларының иелері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті өкілді органдар белгілеген ережелерге сәйкес үй жануарларын, атап айтқанда иттер мен мысықтарды серуендету режимін сақтайды.

Мәселен, Ақмола облысында үй жануарларын серуендету жеке тұлғалар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруден қорғау шартымен жүзеге асырылады.

Атап айтқанда, жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларын серуендету орнына қарамастан 1,5 (бір жарым) метрден асатын қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз серуендетуге жол берілмейді.

Жануарлардың иелеріне үй жануарларының тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, оның ішінде кондоминиум объектілерін, қоғамдық орындарды ластауына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіруге тыйым салынады.

Бұдан басқа, елді мекендердің аумағында иттерді қоршалған балалар және спорт алаңдарында, мектепке дейінгі балалар мен мектеп мекемелерінің, емдеу мекемелерінің аумақтарында, тыйым салу белгілері белгіленген жерлерде серуендетуге тыйым салынады.

– Жалпы 2024 жылдың басынан бастап Ақмола облысында ҚР ӘҚБтК 407-2-бабының 4-бөлігі (Үй жануарларын ұстау және серуендету) бойынша бұзушылықтар үшін 400-ден астам ит иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді  Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап иелері үй жануарларын есепке алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру