Ақмола полицейлері «Учаске» ЖПІШ барысында есепте тұрған отбасыларды тексерді
Ақмола полицейлері «Учаске» ЖПІШ барысында есепте тұрған отбасыларды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысында полицияның есебінде 700-ден астам ата-ана тұр, ол отбасыларда 965 бала тәрбиеленуде. Өңір полицейлері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Өткен кезең ішінде өз балаларын тәрбиелеу және оқыту бойынша ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 28 ата-анаға қатысты ескерту жасалды. Мәселелердің негізгі себебі – алкоголь, өкінішке орай, кейбір адамдар үшін бұл ата-ана міндеттерінен маңыздырақ. Олардың қатарында аймақтағы ауылдардың бірінде азаматтық некеде тұратын жұп та бар. Ерлі-зайыпты алкогольді ішімдіктерді пайдаланады, жұмыс істемейді, ал отбасында бес жасар бала өсіп келе жатыр. Тексеру кезінде баланың үйде толыққанды дамуы үшін жағдай жасалмағаны, ал баланың қайыр сұрайтыны анықталды. Осы отбасына соңғы барған кезде полиция қызметкерлері баланы бейімдеу орталығына уақытша орналастыру туралы шешім шығарды, оның ата-аналарына жұмысқа орналасу және түзелуге уақыт берілді.
Полицейлер бір жыл ішінде отбасының немесе баланың өзгеруін бақылауы керек. Бұл ретте әрбір есепке алынатын адамның бақылау мерзімі жеке болады.